Суббота, 10 мая, 2025
28.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

ДІН МЕН ДӘСТҮР – ТАМЫРЫ ЕГІЗ ҰҒЫМДАР

Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы қоғамдық әдеп мәселесін кеңінен қозғай отырып, елімізде дін бостандығына кепілдік берілгенімен, жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке жол берілмейтінін айтты. Діннің аса маңызды миссиясы – ұлтты ұйыстыру екеніне баса мән беріп, теріс ағымдарға, қазақтың болмысына жат идеологияларға тосқауыл қою қажет деп байыптады. Бет жүзін тұмшалайтын қара киімнен гөрі, біздің бірегей болмысымыздың айшықты көрінісі болып табылатын ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық екенін білдірді. Діни оқу орындарындағы білім сапасы мен тәрбие жұмыстарын қатаң қадағалауды тапсырды.

Қоғамның бүгінгі беталысында күн тәртібіне енген бұл мәселелерді «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалына келген облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлымен кеңінен талқылап, пікір алмастық. Еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы ерекше мәртебесін алған Түркістан қаласы халқымызды елдік іске біріктіретін, наным-сенімі ортақ біртұтас ұлтқа айналдыратын еңселі шаһар болуы тиіс деген талаптар аясындағы бірлескен іс-қимылдың көкжиегін белгіледік.

Басқарма басшысының қатысуымен өткен қоғамдық қабылдауда азаматтар тарапынан мемлекеттік мекемелерде діни ғибадат жасауға мүмкіндік беретін орындарды белгілеудің заңды тәртібі, хиджап және басқа да діни киімдер кию үрдісінің белең алуы, діни ғибадат орындарының тазалығын қамту мәселелері, әлеуметтік желіде діни идеологияның таралуына шектеу қою сынды сауалдар қойылды. Рүстем Сабыржанұлы тұрғындар көтерген сауалдарға жан-жақты жауап беріп, діни ұйымдардың қызметін реттейтін заң талаптары жөнінде түсініктеме берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы дін мен дәстүр сабақтастығын – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі деп бағалады. Дәстүрлі исламды – қараңғылықтан ада, мейірім мен жасампаздықтың діні деп айтты. Осы орайда, ата дәстүрден жаңылмаған, адал еңбекті – берекенің бастауы деп пайымдаған халқымыз, ұлттық болмысымызға қатысты барлық мәселеде ортақ – мемлекетшілдік ұстанымда нық тұрады деген сенімдемін.

Алтынсары Үмбетәлиев,
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар