Суббота, 10 мая, 2025
26.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ-ЕРГЕ МІНДЕТ

Ербол Ералиев — Жетісай ауданынан сайланған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты және «Нұралы жол – Ж» шаруа қожалығының төрағасы ретінде ол ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне елеулі үлес қосып келеді.

Депутат мақта өндірісінің Жетісай ауданындағы негізгі табыс көзі екенін атап өтіп, осы саладағы мәселелерді көтеріп жүр. Мақта бағасының тұрақсыздығына байланысты шаруалардың қиындықтарын жеткізіп, мақта-тоқыма өндірісін дамыту қажеттігін алға тартуда. Бұл бағытта жергілікті жерде тоқыма фабрикаларын салу арқылы өнімді өңдеп, қосымша құн қалыптастыруды ұсынады.
Инфрақұрылымды жақсарту барысында депутат ретінде Ербол Жолдасбайұлы Жетісай ауданындағы 23 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 6,1 миллиард теңге қаржы бөлу мәселесін көтерді. Сонымен қатар, республикалық маңызы бар А-15 автожолын ІІІ санаттан І санатқа ауыстырып, жүріс бөлігін 4 жолақты етіп кеңейту туралы ұсыныс жасады. Бұл бастамалар аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, Жетісай ауданындағы мектептер мен әлеуметтік нысандардың жағдайына да назар аударып, олардың күрделі жөндеуден өтуі үшін тиісті органдарға ұсыныстар мен депутаттық сауалдар жолдады. Мысалы, Мұстафа Шоқай атындағы №26 орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу мәселесін көтеріп, бұл бастама қолдау тапты.

Ербол Ералиев аудан тұрғындарының мәселелерін тыңдап, оларды шешуге атсалысып келеді. Мәжіліс депутаттарының Жетісай ауданындағы қоғамдық қабылдауларына қатысып, жергілікті тұрғындардың көтерген мәселелерін талқылап, олардың шешілуіне ықпал етіп жүр. Ауданда ауыл шаруашылығын дамыту, инфрақұрылымды жақсарту және әлеуметтік нысандарды жаңғырту бағытында белсенді жұмыстар атқарып келеді.
Одан бөлек, облыс басшылығы мен мақта өндіруші шаруалар өкілдері, мақта зауыттары басшылары қатысқан жиналыста мақта бағасын мақта талшығының шығыс өнімділігіне қарай белгілеп, төлеу мәселесін, бұл орайда шет мемлекеттердің тәжірибелерін пайдалану қажеттігі туралы орамды ойларын жеткізген. Тіпті, қажет болса шет елге барып танысу қажеттілігін де айтқан. Аталған жәйттер бойынша Ербол Жолдасбайұлы тындырымды тірліктердің басы-қасында жүргеніне атап өтуге болады.
Ербол Жолдасбайұлы жуырда облыстық мәслихат депутаттарымен бірге Жетісай ауданы халқының алдында есеп берді. Есеп беру кезінде Жетісай ауданы бойынша 2024 жылы 65 нысан құрылыс, күрделі және ағымдағы жөндеуге және жобалық смета құжатын дайындауға, тұрғын үй қорының тұрғын үйін сатып алуға жалпы 14 миллиард 205 миллион бөлінгенін атап өтіп, биылғы жоспарды да тізбектеді.
Биыл ауданда 49 нысан құрылысына, күрделі және ағымдағы жөндеуге және жобалық смета құжаттарын дайындауға 6 миллиард 319 миллион бөлінген. Мұның барлығы да облыстық бюджеттен қаралып отыр. Халық қалаулысы осынау игі жұмыстардың атқарылуына атсалысып келеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар