Суббота, 10 мая, 2025
26.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК-ЭКОНОМИКАНЫҢ ӘЛЕУЕТТІ ТІРЕГІ!

Сайлаушылардың зор сеніміне ие болып отырған «AMANAT» партиясының идеологиялық ұстанымы – елдің тұрақтылығы мен экономикалық тәуелсіздігінің негізіне айналатын орта тапты қалыптастыру міндетін айқындайды. Осы орайда, сапалы жұмыс орны мен салық түсімінің көзі ретінде кәсіпкерлікті қолдау басымдығы — «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын Түркістан облысында іске асыру жөніндегі Жол картасының маңызды тармақтары ретінде енгізіліп, олардың орындалуы партия өкілдерінің тұрақты бақылауына алыған.

Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы берген ресми деректерге сәйкес, бүгінгі таңда облысымызда шағын және орта бизнес субъектілері санатында 210 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан жұмыс жүргізеді. Бұл көрсеткіш жөнінен өңіріміз республикада үздік үштіктің қатарын түйіндейді. Бұл субъектілердің 13,5 мыңнан астамы – заңды тұлға болып қызмет атқарса, 118 мыңнан астамы – жеке кәсіпкерлік нысандары болып тіркелген, ал ауыл-аймақтарда 78,5 мыңға жуығы – шаруалар санатында белсенді қызмет атқарып келеді. Осы субъектілермен өндірілген өнім көлемі өткен жылы 2023 жылмен салыстырғанда 42,1 пайызға артқан.

Облыс аудан, қалалары кесіндісінде кәсіпкерлікті қолдауда нақты индикаторлар белгіленіп, олардың іске асырылуы ерекше бақылауға алынған. Бұл бағыттағы қолдау шараларындаа шағын және орта кәсіпкерлік саласында бизнес жобаларды жүзеге асыру, индустриалды аймақтар мен өндірістік парктерді дамыту, кәсіпкерлік бастамаларға қаржылай қолдау көрсету басымдықтары айқындалған. Осы жұмыстарды жүргізу барысында құны 500 млн. теңгеге дейінгі жобалар тізімі жасақталды. Жалпы, 101 млрд. теңгеге 386 жобаны қаржыландыру жоспарланған. Қаржыландыруға іріктелген жобалардың 40 пайызы өндірістік бағытта болса, қалған жобалар – ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу, туризм және қызмет көрсету, сауда салаларына тиесілі болмақ. Іске асатын жобалардың қатарында жиһаз өндірісі, құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнімдерін шығару, мақта өңдеу, жеңіл өнеркәсіп өндірістері бар.

«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы Жол картасында қамтылған міндеттердің нақтылы орындалуына қоғамдық бақылау жүргізіп, олардың іске асырылу нәтижелерін партиялық құрылымдардың жұмыс жиындарында тұрақты қарастырып, жан-жақты саралайтын болады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар