Воскресенье, 11 мая, 2025
19.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

БЕРЕКЕНІҢ КӨЗІ – ҮНЕМДЕ

«AMANAT» партиясы экологиялық жоғары стандарттарды экономиканың барлық салаларына енгізуді қолдап, қоғамда орнықты экологиялық мәдениетті қалыптастыруға басымдық беріп отыр. Осы орайда, партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыруда экожүйені сақтауға және қорғауға, табиғи ресурстарды, өзен-көлдерді үнемді пайдалануға баса мән берілген.

Бұл мәселеде Мемлекет басшысы біз бүкіл ел болып суды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыруымыз керек екенін айтты. Өнеркәсіпте, агросекторда, коммуналдық шаруашылықта, жалпы, барлық салада суды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударуды тапсырып, су үнемдеу технологиясын кең ауқымда енгізуді жүктеді.

«AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын Түркістан облысында іске асыру жөніндегі Жол картасында өңіріміздегі агроөнеркәсіптік кешенге ылғал үнемдеу технологиясын енгізу міндеттемесі маңызды тармақ болып бектіліп, оның орындалуын партия құрылымдары, депутаттық корпус өкілдері тұрақты назарында ұстап келеді. Партия алаңдарында тұрақты негізде өтіп жатқан жұмыс жиындарында суды үнемдеуге және ауыл шаруа¬шылығында су ресурстарын жа¬уапты басқаруға ықпал ететін шаралардың орындалуы бойынша Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының, «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық филиалының, «Тұран су» мекемесінің, аудан, қала әкімдіктерінің есептері тыңдалып, саладағы өзекті деген мәселелерді тиімді шешудің мүмкіндіктері қарастырылуда. Сондай-ақ бұл жиындарда суды үнемдеу, оның ысырап болуына және ластануына жол бермеу, су ресурстарын тиімді пайдалану сияқты құндылықтарды дәріптеуде атқарылып жатқан бастамалар, су үнемдеудің озық технологиялары мен заманауи жүйелерін енгізуге арналған шаралар кешенінің орындалу барысы таразыланып келеді.

Еліміздің су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, 2030 жылға дейінгі мерзімде Түркістан облысындағы су үнемдеу технологиясы енгізілген егістік алқаптарының көлемін 216,3 мың гектарға жеткізу межеленген. Бүгінгі күнге дейін ылғал үнемдеу технологиясы 87,1 мың. гектарға енгізіліп, озық тәсілді енгізу үрдісі қарқын алып келеді. Оның ішінде құрғақ климатты аймақ саналатын Шардара ауданында осы технология енгізілген егістіктің көлемі 2024 жылы – 1650 гектарды құраса, биыл оның көлемін – 8 мың гектарға дейін жеткізу көзделген. Іргелес жатқан Мақтаарал ауданында өткен жылы су үнемдеу технологиясы қолданылатын егістік алқабы 2 мың гектарға жетсе, Жетісай ауданында оның көлемі – 2380 гектар болған. Бұл екі ауданға да суды үнемді жұмсауға мүмкіндік беретін әдістер қолданылған алқаптың көлемін биыл 8 мың гектарға жеткізбек.

Аграрлық сала мамандары аталған технологияны енгізу арқылы шаруалардың ағын судың жұмсалуын екі есеге дейін төмендетіп, қаржы үнемдеуіне, өнімділік көлемін үш есеге арттыруға мүмкіндігі бар екенін айтады. Шаруалардың су үнемдеу технологиясын қолдануын ынталандыруда, жұмсалатын ағын су құны тарифінің 60 пайыздан 85 пайызға дейінгі көлемін субсидиялауды мемлекет міндетіне алған.

Партияның облыстық филиалы өңіріміз үшін стратегиялық маңызы бар бұл мәселені тұрақты бақылауында ұстап, Жол картасы шеңберінде қамтылған міндеттердің нақтылы орындалуын үйлестіретін болады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар