Суббота, 10 мая, 2025
27.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

Түркістанда «Трамадол» таблеткасын тәркіледі*

Түркістан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс – қимыл басқармасының қызметкерлері құрамында есірткі заты бар «Трамадол»дәрілік препаратын сақтау мен тасымалдау дерегіне қатысты күдікті екі адамды анықтап, ұстады.

Нақтырақ айтсақ, полицейлер Түлкібас ауданының «Алматы-Шымкент» тас жолында Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары, екі ер адам отырған «Lada» автокөлігін тоқтатты.

Аталған көліктің жүксалғышын тексеру кезінде «Трамадолдың» 12 000-нан астам таблеткасын тауып, тәркіледі.

Қазіргі уақытта бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Күдіктілер қамауға алынды

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар