Воскресенье, 11 мая, 2025
26.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

203 КӨЛІК ҚАР ҚҰРСАУЫНДА

Бүгін күндіз Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы тас жолында 203 көлік қар құрсауында тұрып қалған.

ТЖМ мәліметінше, ҚР ТЖМ Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімінің және ҚР ҚМ әскери қызметшілері қар құрсауынан 96 адамды оның ішінде 42 баланы Аягөз қаласының уақытша орналастыру пунктіне эвакуациялады, сондай-ақ 203 автокөлік қар құрсауынан шығарды.

ТЖМ жүргізушілерге сапарға шығар алдында ауа райы болжамын бақылап, төтенше жағдайлар үшін қажетті заттарды өзімен бірге алып жүруге кеңес береді, деп жазылғн хабарламада

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар