Түркістан қаласы аумағын бейне-бақылаумен қамту және интернет желісі сапасын арттыру бойынша қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен жиын өтті.
Жалпы Түркістан қаласында 3 мобильді операторлар қызмет көрсетеді. Цифрланлыру бөлімінің мәліметінше, қала аумағында 510 базалық станция орнатылған, оның 287 — Билайн станция, 164 — Кселл станция, 59 — «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС базалық станция. Интернет мобильдік және кабельдік түрінде қолданады.
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, биыл қаладағы 13 жер телімдеріне базалық станция орнату жоспарлануда.
Сондай-ақ, қала аумағындағы интернет және байланыс желілерін жақсарту мақсатында өңіраралық байланыс инспекциясымен тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Өткен жылы қала тұрғындарын үй жағдайында интернетпен қамту 42,87 пайызды құраған.
2025 жылға аталған көрсеткішті көбейту үшін Кар-Тел ЖШС, Түркістан облысы цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы және Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан ынтымақтастық туралы меморандумы құрылды.
Байланыс — электр, газ, кәріз сияқты маңызды инфрақұрылым. Осы орайда, қала тұрғындарына базалық станция орнатудың қауіпсіз екендігін және жылдамдықты жақсартудың тиімді тәсілі екендігін жеткізгіміз келеді.