Понедельник, 12 мая, 2025
14.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЗАҢГЕРЛІК КЕҢЕСТЕР БЕРІЛДІ

Тұрғындармен тікелей жұмыс істеуді басымдық етіп белгілеген «AMANAT» партиясы азаматтар үшін айрықша сенім артқан алаң болып қалыптасқаны белгілі. Азаматтар өздерін толғандырған кез келген сауал бойынша партиямызға жүгініп, күрмеуі қиын деген мәселелерге қатысты нақты жауаптар алып отыр.

Бүгін партияның Түркістан облыстық филиалы «Құқықтық көмек» жобасы бойынша кезекті қоғамдық қабылдауын ұйымдастырып, өткізді. Тұрғындардың құқықтық мәселелерге қатысты сауалдарын партия филиалының басшылығы, әділет департаментінің, сот орындаушылар палатасының, адвокаттар алқасының, нотариаттық кеңсенің, заң консультанттары палатасының және жергілікті полиция қызметінің өкілдері тыңдап, мәселелеріне назар аударды, заңгерлік кеңестер берді.

AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев партия алаңында өтіп жатқан «Құқықтық көмек» жобасының мән-маңызына тоқталып, өткен жылы филиалда үлкен жұмыстар атқарылғанын атап өтті. «Былтыр қоғамдық қабылдау бөлмесіне азаматтардан 18 мыңға жуық арыз келіп түсіп, оның 11500-і оң шешімін тапты. Қалғандарына заңгерлік кеңестер берілді. Бүгін сіздер үшін түрлі сала бойынша заңгердердің басын қосып отырмыз. Түйінін таппай жүрген мәселеңіз, құқықтық кеңестер керек болса кез-келген сауал бойынша жауап беруге әзірміз. Бұл да болса ашық қоғам, Әділетті Қазақстан қағидаты аясындағы заң мен тәртіптің орнығуына үлкен септігін тигізеді деп білемін»,-деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.
Мәселен, түркістандық 2 баласы бар жалғызбасты ана балаларын балабақшаға орналастыруға көмек сұраса, тағы бір түркістандық Рабиға Тәжі есімді тұрғын баспанасының құжаттарын рәсімдеу талаптарын сұрап келіпті. Сонымен бірге, түрлі сала мамандарынан көмек сұрап келген тұрғындар қатарында алимент төлеуден жалтарып жүргендердің үстінен шағым айтқандар, мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмай жүргендер, өмірден өтіп кеткен әкесінің атындағы үйді рәсімдей алмай бірнеше есікті тоздырып, осында үміт арқалап келген жандар болды.
Заңгерлер әрбір келушіні мұқият тыңдап, сауалдарына орай нақты жауап беріп, құқықтық кеңестер берді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар