Воскресенье, 11 мая, 2025
19.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА КАНАЛДАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қаланың су арналары мен өзендерін тазарту және абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар су тасқындарының алдын алу, су сапасын жақсарту және жағалауларды абаттандыру арқылы тұрғындардың демалысы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, Сәрсен Құранбек БАҚ өкілдерімен Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте атап өтті.

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты жалпы ұзындығы 339,1 шақырымды құрайтын 34 канал және 2 өзен бар. Оның ішінде 27 канал ауыл шаруашылығы жерлерін суарады.7 канал және 2 өзен қала ішінен өтеді.
Қала аумағындағы каналдар мен өзендерді күтіп ұстау жұмыстарымен «Телқоңыр» ЖШС-і айналысады. Келісім шарт суммасы: 360,417 млн тг.
Өзендер: 2024 жылы «Бадам» өзені бойынша Еңбекші ауданы Жыланбұзған, Тоғыс, Маятас тұрғын алабтары, Абай, Тұран аудандарындағы 3 учаскеде (Қызылжар, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл) арнаны түзету және нығайту жұмыстары (жалпы ұзындығы 4,5 км құрайды) атқарылды.

Тұрғындардың өтініші бойынша қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, демеушілер («Толағай-2050» ЖШС) есебінен Маятас тұрғын алабындағы жаяу жүргіншілерге арналған көпір және ойын алаңшасы салынды. Қызылжар тұрғын алабында аспалы көпір салынып, пайдалануға берілді.
-2024 жылы «Бадам» өзенінің ең қауіпті 9 шақырымының монолитті темірбетон беткейлері жаңарды. Ал 2025 жылға «Бадам» өзенінің қауіпті саналатын Абай, Тұран аудандары аумағындағы ұзындығы 6,7 шақырымға жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, бюджетке қаржы бөлуге ұсыныс беріледі.
«Қошқар-ата» өзенінің (Жангельдин көшесінен Интернациональная көшесіне дейін) жағалауын абаттандыру бойыша жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Ағымдағы жылы жағалауын абаттандыру жұмыстарын атқару жоспарлануда деді, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, Сәрсен Құранбек БАҚ өкілдерімен Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстары мен алдағы даму жоспары туралы баспасөз жиынында.
Жиында каналдар туралы айтылғанда Нұрсәт шағын ауданындағы нөсер суы салдарынан көшелердің су басуы жиі көтерілетін мәселе екендігі аталып өтті. Осыған байланысты Кәусар көшесі жанынан ирригациялық лоток салынады. Сонымен бірге Забадам ш\а аумағындағы «Ақсай-Қарабастау» каналын, Ақжар су қоймасын күрделі жөндеу жұмыстарын атқару жоспарлануда. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурстарының жеңімпазы анықталып, бекітілген өндірістік кестеге сәйкес атқарылады.
«Қызыл Сеңгір», «Янгибай» каналдарына күрделі жөндеуден өткізу мақсатында, жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға өткізілді. Сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар