Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен екі қабатты құрылыс нысаны заңсыз деп табылып бұзу жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласы, Ю.Гагарин көшесі 210 мекен-жайында орналасқан құрылыс нысанына тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жер телімнің нысаналы мақсаты тұрғын үй үшін берілгендігі анықталды. Алайда, жер телімінің иесі заң талаптарын бұзып, коммерциялық нысан салған.
Шымкент қаласының әкімдігі тұрғындардың назарына төмендегі мәселелерді назарға алуды ұсынады:
Құрылыс, ғимарат немесе өзге де нысандарды салу үшін тиісті құжаттарды рәсімдеу қажет екендігін хабарлаймыз. ҚР Заңнамалары бойынша қажетті рұқсат алынбай құрылысы жүргізілген нысан өз бетінше салынған құрылыс болып табылады. Осы орайда, қала тұрғындарын құрылыс — монтаж жұмыстарын бастар алдында заң талаптарын сақтауға шақырамыз.