Суббота, 10 мая, 2025
25.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

ТАҒЗЫМ. ТАҒЛЫМ. ТАЗАЛЫҚ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Таза бейсенбі» апталығы бүгін Түркістан қаласындағы орталық «Жеңіс» саябағында жалғасты.

Партияның облыстық және қалалық филиал өкілдері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, қалалық мәслихаттағы фракция мүшелері, қоғам белсенділері мен жанашыр азаматтар қатысқан тазалық жұмыстары аясында Жеңіс жауынгерлеріне арналған саябаққа күтім жасалды. Ағаш түптері ақталып, аяқжолдар тазартылды, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға арналған монументалды ескерткіш кешенінде ауқымды тазалық жұмыстары жүргізіліп, айналасы абаттандырылды.

« — AMANAT» партиясы бастамашыл болған «Таза бейсенбі» акциясы қоғамның экологиялық мәдениетін көтеруге бағытталған. Әрбіріміз ізгілікті іске үлесімізді қосар болсақ, қоғамның санасын өзгертеміз және еліміздің келбетін жақсартамыз деген ойдамын. Түркістанның тарихи қала екені оның ерекше мәртебесімен айқындалды. Қаламыздың тарихи миссиясын негізге ала отырып, бүгінгі акциямызды Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне арнадық. Тарихын танып, білген ұрпақ әрдайым жасампаздық жолымен жүреді, жеріміздің қадір-қасиетін ұғынып, құрмет тұтады деп білемін», — деді акцияны ұйымдастырушы топтың алғы шебінде жүрген Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы, «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев.

Түркістан қаласын шын мәніндегі тұғырлы мекен, жазық даладағы көрікті аймаққа айналуына жастар, соның ішінде еріктілер ерекше белсенді үлестерін қосуда. Партияның Түркістан облыстық филиалының «Жастар рухы» жастар қанаты Түркістан қаласындағы 2 жоғары оқу орындары және 5 колледждің студенттерімен терең ықпалдастықта жұмыс жүргізіп, жас буынды елдік міндеттерге жұмылдырып отыр.

« — Түркістан қаласы көз алдымызда өзгеріп, түрленіп келеді. Осы әдеміліктің артында қанша адамның есіл еңбегі бар. Өзіміз өмір сүретін ортаның тазалығын қамту – әрбір азаматтың адамгершілік парызы болуы тиіс деп санаймын. «Жастар рухы» жастар қанаты белсенділері «Ұрпақтар жады» акциясы аясында ұрпақтар сабақтастығы ретінде аға буын өкілдерінің тазалық жұмыстарына атсалысуды міндетіміз деп білеміз. Елімізді жаудан қорғап, бүгінгі бейбіт күнді бізге сыйлаған майдангер аталарымызға тағзым етіп, алғыс айтамыз. Жауынгер аға буынның табандылығымен еркіндігі сақталған жердің таза, көрікті болуы – біздің аға буын алдындағы перзенттік борышымыз», — дейді партиямыздың «Жастар рухы» жастар қанатының жас белсендісі Дилара Әуезханова.

Айта кету керек, Ұлы Отан соғысы жылдары оңтүстік өңірінен 140 мыңнан астам жерлесіміз майданға аттанса, оның 18547 азаматы Түркiстан аудандық әскери комиссариаты арқылы шақырылды. Соғысқа аттанған жерлестеріміздің 51-і – Кеңестер Одағының Батыры, 8 жауынгеріміз – «Даңқ» орденінің толық кавалері атанды. Батырлықтың ерен үлгісін көрсеткен жерлестеріміздің төртеуі – Түркістан қаласының тумалары болатын. Майдан шебі қазақ даласынан әлдеқайда алыста болғанымен, оңтүстіктегі еңбек майданында жауынгерлік ерлікпен пара-пар күн сайынғы арпалыс жүріп жатты. Аға буынның ел тағдыры қыл үстінде тұрған қиын күндердегі биік рухы, ерлігі мен батырлығы – ұрпақтар жадында мәңгі сақталады!

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар