Вторник, 13 мая, 2025
19.1 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

Түркістан облыстық табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасына қарасты мекеме басшылығына сот үкімі шықты

Түркістан облысының Табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасына қарасты «Жасыл аймақ» КММ-нің бұрынғы басшысы сотталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Агенттік әлеуметтік сезімтал салаларда заңдылықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізуде. Олардың бірі-табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және экологиялық талаптарды сақтау саласы.

Экологияны жақсарту азаматтарымыздың денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге тікелей әсер етеді. Бұл ретте жекелеген лауазымды адамдар пара алуды, бюджет қаражатын жымқыруды және бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі өздерінің тікелей міндеттерін орындамауды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасайды.

Хабарламада бұл тұрғыда Түркістан облысының кейбір заңсыздықтарын мысалға келтіре отырып, төмендегі ақпаратты жария етті. Түркістан қалалық соты облыстық табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасы жанындағы «Жасыл аймақ» КММ бұрынғы басшысы И. Бегасиловқа, оның орынбасары А. Ерназаровқа, КММ заңгері М. Айнабековаға және кәсіпкер И. Муслимовқа қатысты үкім шығарды.

Олар техникалық ерекшелікке және қойылатын сапа талаптарына сәйкес келмейтін арзан пестицидтер мен гербицидтерді сатып алу арқылы 14,9 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Бегасилов 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, Ерназаров, Айнабекова және Муслимов 2 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталған. Сонымен қатар, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Сонымен бірге, хабарламада, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептелетіні аталып өткен.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар