Воскресенье, 11 мая, 2025
26.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ТАҒЛЫМЫ «MIRAS» АЛАҢЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы «MIRAS» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі кеңестің биылғы жылға жоспарланған алғашқы жұмыс отырысы өтті. Партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөрееваның жетекшілігімен өткен жиында кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылып, идеологиялық бағытта қызмет атқаратын алқалы органның жұмыс басымдықтары талқыланды, партияның Сайлауалды бағдарламасын өңірімізде іске асыруға арналған Жол картасының туризмді дамыту бағыты бойынша белгіленген міндеттерінің орындалуы қарастырылды.

Жұмыс жиынында сөз алған Қалыйма Жантөреқызы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысына еліміздің алдағы дамуының белгілейтін нақты міндеттер жүктелгенін айтты. Соның ішінде экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды дамытуды жаңа деңгейге көтеру, цифрлық технологияны жан-жақты енгізу, энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру, салық-бюджет саясатын реформалау, маңызды жобаларды қаржы көздерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік қолдау ісін реттеп, денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласын одан әрі дамыту жөнінде басымдықтар белгіленгенін мәлімдеді.
«Мемлекетіміздің әрі қарайғы орнықты дамуын қамтамасыз етіп, азаматтары дәулетті, қоғамы ашық, экономикасы қуатты ел болуымыз жөніндегі міндеттер «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасында қамтылған. Осы басымдықтарды іске асыруда біз партияның әлеуетін, барлық мүшелерін баршамызға ортақ құндылықтар аясына бірігуге шақырамыз. Соның ішінде өңірлік партия филиалы жанындағы «MIRAS» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі кеңестің өкілдері өлкеміздің шоғыры биік зиялылары санатында, Мемлекет басшысы қолға алған түбегейлі саяси және экономикалық реформаларды қолдап, алғы шепте қызмет атқарады деген сенімдемін», — деді Қалыйма Жантөреқызы.

Жиынның күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша партияның өңірлік филиалы саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі, кеңес хатшысы Бекзат Билалов хабарлама жасап, «MIRAS» азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі кеңестің құрамына енгізілген өзгерістер мен осы алқалы органның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды. Басымдық ретінде айқындалған міндеттердің қатарында облысымызда туризм саласының ілгерілеуі, мемлекеттік тіл – қазақ тілінің барша азаматтарды біріктіретін тіл ретінде мәртебесіне сай болуын қамту міндеттері, облыс аудандары мен қалаларында мәдениет саласында атқарылып жатқан жұмыстарды таразылау, ұлттық өнердің дамуы мен тарихи ескерткіштердің ахуалын зерделеу, қасиетті орындар мен тарихи және археологиялық мұра-мирасымызды күтіп-ұстау жұмыстарының атқарылу барысын бағалау белгіленіп отырғаны айтылды.
Жиынның күн тәртібіне қойылған негізгі мәселе – туризм саласы екені айтылып, туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуы қажет деген талап мемлекеттік деңгейде көтеріліп жатқанына назар аудырылды. Осы орайда, партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында өткен жылы Түркістан облысында туризм саласын дамытуға қатысты 8 индикаторлық көрсеткіштің орындалуы белгіленгені айтылды. Көрсеткіштердің орындалуы бойынша Түркістан облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов есеп берді.
Басқарма басшысы жария еткен мағлұматтарға сәйкес, 2024 жылдың қорытындысымен облыстың туризм саласына 73,9 млрд.теңге инвестиция тартылған, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстарғанда 58 пайызға артқан. Ал, 2025 жылға арналған жоспар бойынша, бұл бағытта 26,3 млрд.теңгені құрайтын 27 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Жол картасында қамтылған міндеттер шеңберінде Түркістан қаласында «Medina palace», «Khan Palace 2», «Lords Heir», «Yassy Hall and Apartments» қонақ үйлерінің құрылыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген. Сонымен қатар, жалпы ауданы 2,56 га құрайтын «Қолөнершілер орталығы» ғимаратының құрылысы басталған. Өткен жылы туристік нысандардың инфрақұрылымын жақсартуда 16,5 млрд. теңгені құрайтын 13 жоба іске асырылған. Оның ішінде, Түркістан-Арыстанбаб және Сауран қалашығына бұрылыс алаңын орнату секілді жобалар жүзеге асқан.
Тау-шанғы туризмін дамытуда Төлеби ауданында «Sofi resort» демалыс орны ашылған болса, Қасқасу тау-шаңғы курорты жобасының кезеңдік жұмыстары атқарылған. Облысымыздың туристік әлеуетін насихаттауда республика өңірлерінде роуд-шоу ұйымдастырылып, өткізілген. Шет елдік туристердердің өңірімізге қызығушылығын арттыруда және өңірдің туристік ағынын күшейту мақсатында шетелдік туроператорлар мен трэвел блогерлерге арналған ақпараттық турлар өткізілген. Бұл бағытта Өзбекстан, Италия, Ұлыбритания, Австрия, Әзербайжан, Қытай, Корея, Испания, Марокко, Польша, Сербия, Сингапур, Үндістан, Франция және Швеция елдерінің туроператорлары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне өңірдің тарихи-танымдық және экотуристік нысандары таныстырылған. Сонымен қатар, 10-нан аса қытайлық туроператорларға ақпараттық тур өткізіліп, 5 шетелдік туроператормен өзара ынтамақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылған. Өткізілген ақпараттық турдың нәтижесінде, Түркістан облысына Қытайдан 450-ге жуық туристер келген.
Осы және өзге де туризм саласына қатысты жұмыстарды баяндаған басқарма басшысы Нұрдәулет Данабайұлы туристерді тарту бойынша бірқатар жүйелі жұмыстардың атқарылып жатқанын сөз етті. Кеңес мүшелері тарапынан өзекті деген мәселелер бойынша бірқатар сауалдар қойылды, Түркістанның туристік әлеуетін көтеруде орнықты ұсыныстар айтылды. Көненің көзіндей болған Түркістанның айнала-атырабы тұнған тарихи орындар екені айтылды. Түркістанға келген туристерді осы аумаққа жақын Сауран қалашығына, Үкаша ата, Өгізтау, Қарнақ тарихи орындарына баратындай мүмкіндіктер жасалуы тиіс екені назарға алынды. Аудандарда туризм саласымен айналысатын жауапты кәсіби мамандар бекітілуі қажет деген ұсыныс айтылды.
Туризм ісін жүйелі тәртіпке келтіруде, сервис сапасын арттырудың маңызы туралы жария етілді, оның ішінде туристік маршруттар бойынша такси қызметтерін реттеу, асханалық сервисті жөнге келтіру, жеңіл өнеркәсіп пен кәдесый даярлайтын шағын шеберханалардың жұмысын жолға қою мәселелері қозғалды. Айтылған ұсыныстар жиынның хаттамасына енгізіліп, оларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастыру бойынша тиісті атқарушы органдарға кеңес тарапынан ұсынымдар енгізілетін болады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар