Воскресенье, 11 мая, 2025
26.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР КҮНІНДЕ АРЫСТА «НАУРЫЗ КӨКТЕМ – ЭТНО FASHION» ФЛЕШМОБЫ ӨТТІ

Түркістан облысының Арыс қаласында Наурызнама онкүндігі аясында ерекше шара – «Наурыз көктем – Этно Fashion» ұлттық киімдер күніне арналған ерекше флешмоб пен сән шеруі ұйымдастырылды. Іс-шара «AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы аясында өткізіліп, ұлттық киім мәдениетін насихаттауды және халқымыздың дәстүрлерін жаңғыртуды мақсат етті.

Сәндік шеру қаланың басты көшелерінің бірі – Әл-Фараби даңғылынан бастау алып, Орталық алаңда қорытындыланды. Бұл ауқымды шараға 500-ге жуық қала тұрғыны мен қонақтары қатысты.

Қатысушылар қазақ халқының ғасырлар бойы сақталған ұлттық киімдерін киіп, сән көрсетілімін ұйымдастырды. Ақжаулықты әжелер мен ақ сақалды аталар кимешек пен сәукеле, шапан мен бөрік киіп, ұлттық киімдердің сан алуандығын паш етті. Орта жастағы азаматтар мен жастар да дәстүрлі элементтері бар заманауи үлгідегі киімдерін жұртшылық назарына ұсынды.

Бұл шара халқымыздың сәндік өнерін дәріптеп, ұлттық мұрамызға деген құрметті арттыруға бағытталған ерекше бастама болды. Қатысушылар сәнді әрі тарихи маңызға ие киім үлгілерін таныстыру арқылы қазақ мәдениетінің байлығын көрсетті.

Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары сән шеруін тамашалап, естелік суреттерге түсті. Кейбірі ұлттық киімдердің әсемдігіне таңданып, мұндай шаралардың жиі өткізілуі қажет екенін атап өтті.

«Наурыз көктем – Этно Fashion» флешмобы мен сәндік шеру – ұлтымыздың сән өнері мен дәстүрді жаңғыртып, жас буынға қазақы құндылықтарды дәріптеудің тамаша үлгісі болды. Бұл бастама Наурыз мерекесінің тек дастарқан басында емес, мәдениетімізді ұлықтайтын, рухани құндылықтарды насихаттайтын ерекше мейрам екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар