Воскресенье, 11 мая, 2025
19.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

ЖУРНАЛИСТЕР ИГІ ІСКЕ ҰЙЫТҚЫ БОЛДЫ

Айлардың сұлтаны — қасиетті Рамазан айында, түндердің сұлтаны — Қадір түнінің қарсаңында Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Мәлік Алмаханның бастамасымен филиал мүшелерінің қатысуымен «Рамазан — игіліктің бастауы» атты шара өтті. Филиал төрағасы Мәлік Алмахан «Мақсатымыз — одақтың жыл басындағы алғашқы шарасын сауапты істерге арнау еді»,-дейді.

«Ойға алған ісіміз әріптестер тарапынан қолдау тауып, қашан да балаларға қуаныш сыйлауға асығып жүретін Әсел Бимырзаева Бимырзаева ханымның «Армандар орындалады» жобасы аясында ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне орай 10 баланың арманын орындауға атсалыстық. Әсет Әссанди, Ғалымжан Елшібай, Тельман Бейсен, Ғалымжан Зиябек, Карлыгаш Аралбекова, Назгүл Назарбекова, Ерсұлтан Әмірбек, Марат Қалтаев, Қайрат Зайнишев, Райымжан Әлібаев, Орынбек Қасымбеков, «Түркістан» қалалық газетінің бір топ жастары аталған шараға тікелей қолдау көрсетті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл болмай ма қашан да. Балалардың арманын орындауға үлес қосқан әріптестерге шынайы алғыс білдіреміз», -деді тағы да Одақтың Түркістан облысындағы филиалының төрағасы.

Осы күнгі іс-шараның екінші бөлігі «Алатау медиа» орталығында жалғасты. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің профессоры Сейдулла Садықов, журналист, ғалым, композитор Бекжігіт Сердәлі, облыстық мәслихат депутаты, «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Ғалымжан Елшібай, «Turkistan Media Holding» ЖШС атқарушы директоры, медиа менеджер Тельман Бейсен ағаларымыздың қатысуымен семинар өтті. Жас журналистер жолында кездесетін мәселелер жөнінде ойларын ортаға салған аға буын қазіргі қазақ журналистикасының даму бағыттарына да тоқталып, тәжірибелерімен бөлісті.

Алдағы уақытта мұндай келелі кеңестің санын арттыра түсу жоспарланып отырғаны айтылды. Сонымен бірге басқосу қорытындысында Қазақстан Журналистер одағының жаңа мүшелеріне куәліктер мен төсбелгілер табысталды.
Бұдан кейін Түркістан қаласындағы «Голден холл» мейманханасында күндізгі шаралардың қорытындысы ретінде ауызашар дастарханы жайылып, ақпарат саласында тер төккен, есімдері ел есіндегі марқұмдардың аруақтарына бағышталып Құран оқылды. Қасиетті айдағы игілікті істердің бастауы іспеттес жиын осылайша журналист әріптестердің қызу қолдауымен өтті.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар