Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Global Education Exhibitionхалықаралық көрмесі аясында Қазақстан мен Таяу Шығыс арасындағы білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиегі ашылды.
Халықаралық ғылыми және академиялық байланыстарды нығайту мақсатында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ мен King Khalid University арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.