Понедельник, 12 мая, 2025
28.4 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

ҚАЗАҚСТАНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ СТИПЕНДИЯСЫ ЕКІ ЕСЕГЕ КӨБЕЙЕДІ

Ел үкіметі Қазақстан студенттері мен оқушыларға арналған ауқымды шараларды жүзеге асыруды қолға алды.
2025 жылдан бастап бакалавриат студенттері үшін стипендия 52 372 теңгеге дейін, ал магистранттар үшін – 117 098 теңгеге дейін көтеріледі. Педагогтар мен медицина мамандары үшін бұл көрсеткіш 84 000 теңгені құрайды.

Жатақханалар салу бойынша да үлкен жұмыстар атқарылуда. 2024 жылы 11 096 орын ашылды, ал 2029 жылға дейін жыл сайын 10 мың жаңа орындық жатақхана іске қосылады. Бұл студенттер үшін жайлы және қолжетімді орындар ұсынады.

Бұл шаралар Қазақстанның білім сапасын арттырып, жастардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Болашаққа инвестиция жасап, білім алу мен өмір сапасын жақсартудың мүмкіндігі болып табылады.
Ал, «Келешек» бағдарламасы арқылы 2025 жылдан, 5 жастан бастап балалар үшін жинақтау жүйесі енгізілді. Бұл жүйе баланың болашақта білім алуына, оның ішінде жоғары білім мен кәсіби-техникалық білім алуына қаржы жинауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жинақталған қаражатты тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, шетелде білім алуға немесе үшінші тұлғаларға аударуға болады. Жағымды жаңалықтар ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің отандық БАҚ-қа берген сұхбатында мәлім болды.

Лаура Тастанбек,
журналист

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар