Суббота, 10 мая, 2025
22.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҮЙРІКТЕРІ ФИНАЛҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Астана қаласында өткен республикалық командалық айтыстың жартылай финалында Түркістан облысының айтыскер ақындары мен жыршы-термешілерінен құралған командасы Ақтөбе облысының командасын жеңіп, финалға жолдама алды.
Жартылай финал тартысты өтті. «Ерлік – елдік дастаны» тақырыбын арқау еткен аламанда айтыстың арыстаны, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков бастаған өңіріміздің мықтылары жеңіске жетіп, ел мерейін көтерді.
Былтыр наурыз айында бастау алған жоба биыл Түркі әлемінің мәдени астанасы деп жарияланған Ақтау қаласында қорытындыланбақ. Түркістандықтарға финалдағы өнер додасында Қарағанды облысының жүйріктері қарсылас болады.
Айта кетейік, «AMANAT» партиясының қолдауымен өтіп жатқан сайысты әр өңірдің әкімдігі мен «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» бірлесіп ұйымдастырып келеді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар