Вторник, 13 мая, 2025
19.1 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ІС-ТӘЖІРИБЕСІ ЕСКЕРІЛЕДІ

Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісі өтті. Саяси ауқымы кең, алдағы дамуымыздың бағдары айқындалған жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің экономикалық жағдайын қалыптасқан күн тәртібіне сәйкес ілгері қадам басуының маңызды алғышарттарын атап өтті. Сөз басында Мемлекет басшысы Қазақстан
жаппай цифрландыру дәуіріне қадам басқанын айта отырып, жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет екеніне баса мән берді.

Үкімет пен әкімдердің жұмысы қаншалықты тиімді екенін алдымен экономиканың даму көрсеткіштері мен азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағаланатынына назар аударды. Әлем экономикасында болып жатқан тарифтік тартыстар мен санкциялық текетірестер қалыпты жағдайға айналғанына баса назар аударған Қазақстан Республмкасының Президенті, бұл үдерістің салдары жойқын болуы мүмкін екенін ескертті. Жаңа дәуірдің сын-қатерлеріне жауап беретін стратегияның болуы керектігіне көңіл бөлді.

«Мен реформалардың нақты бағыты мен оны жүзеге асыру жолдары туралы осыған дейін де айттым. Үкімет ел экономикасын тұралап қалудан сақтап, орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін күрделі шешімдер қабылдауы керек және ең бастысы сол шешімдерді іске асыруға тиіс. Бұл – жоғары білікті әрі жауапкершілік алуға дайын мемлекеттік қызметшілердің қолынан келетін жұмыс. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, мемлекеттік аппараттың тиімділігі осындай күрделі кезеңдерде айқын көрінеді», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Алдағы дамудың бағдары ретінде бірқатар басымдықтар белгіленді. Оның ішінде экономиканы әртараптандыру бағытында өткен жылы өңдеу өнеркәсібі саласында 180 инвестициялық жоба жүзеге асырылғаны, жобалардың жалпы құны – 1,3 триллион теңгені құрағаны айтылды. Соның нәтижесінде осы саладағы өсім 6 пайызға жуықтап, бұл соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш екеніне баса мән берілді. Экономикаға инвестиция тарту ісінде ілгерілеушіліктер бар екені айтылып, инвесторлардың мәселелерін шұғыл шешуде Инвестиция штабының оң жұмыс нәтижесі баяндалды. Инвестициялық жобаларды әзірлеу барысында ведомствоаралық үйлестіруге әлі де көп уақыт кететініне назар аударылып, бірқатар өңірлердің жұмыс тәжірибесі сын тезіне алынды. Сапалы инвестиция әкелетін жауапкершілігі жоғары инвесторларға қосымша жеңілдіктер беру мәселесін қарастыру жөн екені маңызды басымдық ретінде атап көрсетілді.

Үкімет инвесторды іздеуге, қолдауға және қорғауға қатысты жұмыстың бәрін жүйелі жүргізетін біртұтас экожүйе құруы қажет деп бағамдалды. «Қазақстанда орта буынға жататын көшбасшы компаниялар шоғырын қалыптастыру міндеті әлі де өзекті. Үкімет биылғы маусым айының соңына дейін келешегі зор әрбір орта кәсіпорынның жұмыс жоспарын әзірлеуге тиіс», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Сондай-ақ Үкімет отырысында елімізде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға арналған ұлттық жоба қабылданғаны атылып, бұл жоба аясында өнеркәсіп саласын дамыту үшін жаңа өнімдер шығару қолға алынуы жоспарланғаны айтылды.
Бұл бағытта отандық кәсіпорындар негізгі сұраныстың 40 пайызын ғана өтей алатынына баса мән беріліп, Үкімет жергілікті зауыттармен офтейк-келісім жасау арқылы құрал-жабдық өндірісін жолға қоюға тиіс екеніне баса назар аударылды.

«Әлем Қазақстанға зор сенім артады, бізді «орта держава» ретінде таниды. Алайда бұл жоғары мәртебе тек сыртқы саясаттағы нақты нәтижелермен ғана емес, экономика, инвестиция, ғылым және технология салаларындағы жетістіктермен де бекітілуге тиіс», — деп нақты міндеттер қойды Мемлекет басшысы. Үкімет өнеркәсіп, көлік және логистика, ІТ сектор, агроөнеркәсіп кешені және басқа да салалардағы өзара тиімді байланыстар бойынша көрші елдермен нақты шаралар әзірлеуі керек екені айтылды. Мемлекет басшысының айтуынша, туризм саласын дамуы кезек күттірмейтін мәселе ретінде айқындалып отыр. Бұл бағытта Үкімет пен жергілікті мекеме өкілдері іскерлік ахуалды жақсарту үшін неғұрлым батыл шаралар қабылдауға тиіс екені айтылды.

Инфрақұрылымды дамыту ісін жаңа деңгейге көтеру саласында отандық энергетикалық және коммуналдық нысандардың жұмысын жаңа стандарттарға жедел түрде көшіру керек екеніне баса мән берілді. Үкімет жаңа тариф саясатын жүзеге асыруды жалғастырып қана қоймай, тарифтердің нарық талаптарына сай болуын, қоғамда ресурстарды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыру міндетін атқаратын болады. Мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектің нақты иесіне жетуін үйлестіріп, тұрғын үй қорын басқару жүйесін жаппай реформалау міндетін атқармақ.

Жины барысында Қазақстан арқылы өтетін темір жол дәлізін дамыту жұмысын тездету тапсырылып, электронды сауда-саттық көлемінің артуы бойынша нақтылы міндеттер жүктелді.
Озық логистика жүйесін түзу бойынша міндеттемелер бекітілді, еліміздің аумағында халықаралық әуе хабын құру жөнінде басымдықтар айқындалды. Цифрлық технологияны жан-жақты енгізу қажет екеніне назар аударылып, толыққанды цифрлық экожүйе жасау міндеті айқындалды.
Энергетиканы дамыту және ядролық кластерді құру басым бағыт болып белгіленді. «Үкімет 2027 жылы Батыс аймақтағы электр желісін еліміздің Бірыңғай электрэнергетикалық жүйесімен біріктіруі керек. Сондай-ақ Оңтүстік аймақтағы электр желілерін күшейту жобасын жеделдеткен жөн. Оңтүстік өңірлердегі энергия тапшылығын жою үшін «жасыл» энергетика саласында ірі жобалар мен бу-газ қондырғылары іске қосылды. Сондықтан 2026 жылы «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырына қарасты екінші тармақтың алғашқы кезеңін аяқтауымыз керек», — деген жаңа міндеттер бекітілді. Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыруда ауылдық аймақтарды жан-жақты дамытуға арналған мемлекеттік қолдау шараларының бәрін бір бағдарламаға біріктіру дұрыс шешім болатынына назар аударылып, «Ауыл аманаты», «Ауыл – ел бесігі» және тағы басқа бағдарламалардың тиімді жүзеге асыру тетіктері белгіленді.
Сондай-ақ салық-бюджет саясатын реформалау жөніндегі жаңа міндеттер белгіленіп, мемлекет қаржысын барлық деңгейдегі бюджетке рационалды әрі әділ бөлудің маңызы зор екені айтылвп, цифрлық активтердің заңды түрде қолдану аясын кеңейтуге арналған инфрақұрылымды жедел құру керек екені айтылды. Маңызды жобаларды қаржы көздерімен қамтамасыз ету саласында екінші деңгейдегі банктердің ресурстарын үкіметтік бағдарламаларға, атап айтқанда, ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы мен жаңғырту жұмысына тартуға болады және тарту керек деген мәселе көтерілді.
Әлеуметтік қолдау ісін реттеп, денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласын одан әрі дамытудағы жұмыс басымдықтары айқындалып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін реформалауды жалғастыру тапсырылды. «Бұл бағытта мектепке дейінгі және орта білім беру саласында әділ бәсеке болуы қажет. Бюджет қаржысын үнемдеп, қаражаттың ашық жұмсалуын қамтамасыз ету маңызды. Бұған жол ашатын тәсілдерді енгізу жұмыстарын жалғастыру керек» — деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Республика Президенті сондай-ақ, «Заң мен тәртіп» қағидасы халықтың санасына терең орнығуға тиіс. Ол үшін кез келген құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидасын берік ұстану қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар барлық деңгейде ұйымдастырылуы керек. Мұны, әсіресе, аймақ әкімдері мықтап қолға алғаны жөн. Бірақ шектеулер мен айыппұлдарға қатысты мемлекеттің де, қоғам белсенділерінің де ұстанымы көңілге қонымды болуға тиіс», — деп нақтылы талаптардың түпкі мәнін ашып айтты Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Республика Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтылған барлық тапсырмаларды жұмыс бағдарымыз етіп айқындаймыз. Әділетті мемлекет, Адал қоғам құру жөніндегі міндеттерді іске асыруда,
әкімдерді тікелей сайлаудың нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жаңа санаты – сайланатын басшылар пайда болғаны айтылды. «Әкімдер мектебі» оқыту жобасын іске қосуда «АMANAT» партиясының тәжірибеcі шын мәніндегі оқыту құралына айналады деген сенімдемін.

Алтынсары Үмбетәлиев,
«АMANAT» партиясы
Түркістан облыстық филиалының төрағасы.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар