Суббота, 10 мая, 2025
22.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

Ел бірлігі – тұрақтылық пен дамудың іргетасы

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы – еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің, өзара құрмет пен сенімнің айқын көрінісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл сессияға қатысуы – ел Президентінің этносаралық татулық пен ұлтаралық келісімге аса зор мән беретінін тағы бір дәлелдеді.

Президент өз сөзінде ел бірлігі – Тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы екенін атап өтті. Расында да, әлемде болып жатқан геосаяси шиеленістер, түрлі этносаралық қақтығыстар біздің елде татулық пен бейбіт өмірдің қаншалықты маңызды әрі құнды екенін көрсетіп отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы тұрақтылықты қамтамасыз ететін бірегей институт ретінде танылып келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішіндегі диалог мәдениетін нығайту, этностар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді арттыру бағытында нақты тапсырмалар берді. Бұл – болашақта еліміздің ішкі тұрақтылығын сақтап, ортақ мақсаттарға жұмылуға негіз болады. Президенттің «Ассамблея – ел бірлігінің тірегі» деген тұжырымы бүгінгі таңда ерекше өзектілікке ие.

Сессия барысында түрлі этномәдени бірлестік өкілдерінің сөз сөйлеп, ел дамуына қосып жатқан үлестерін атап өтуі – Қазақстандағы әр азаматтың тағдыры ортақ екенін білдіреді. Бұл – «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген дана халқымыздың сөзімен ұштасады.

Қорыта айтқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясының бұл жолғы сессиясы – ел бірлігін сақтау жолындағы жауапты әрі маңызды қадам болды. Мемлекет басшысының бастамалары мен бағыттары – қоғамдағы бейбіт өмір мен тұрақты дамудың кепілі. Біз осы құндылықтарды сақтау арқылы жарқын болашаққа нық қадам басамыз.

Жарқынбек ҚАНАЕВ,

Түркістан облыстық мәслихатының  депутаты

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар