Вторник, 13 мая, 2025
19.1 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

МІНДЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ҮЙЛЕСТІРІЛДІ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева, партияның Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы Құдырет Қыстаубаев аудандағы сайлауалды бағдарламаның Түркістан облысында іске асыру жөніндегі Жол картасында қамтылған маңызды нысандар – Сарыағаш қаласы мен осы ауданның Қызылжар ауылдық округі, Жаскешу елді мекенінде салынып жатқан «Жайлы мектептердің» құрылысын партиялық бақылаудан өткізді. Аудан тұрғындары үшін аса маңызды әлеуметтік жобалардың дайындығы туралы жергілікті әкімдіктің жауапты азаматтары баяндап, құрылыс жұмыстарына тартылған мердігер ұйым мен авторлық бақылау компаниясының өкілдері нысандардың техникалық дайындығы туралы мағлұмат берді. Құрылыс барысында берілген сын-ескертпелер мен олардың орындалуы туралы нақты ақпараттармен бөлісті.

Атқарылған құрылыс жұмыстарымен танысу барысында, партия өкілдері мектепке инженерлік-коммуникация желілерін тарту, құрылысы аяқталу сатысына жетіп қалған нысанға қажетті оқу жабдықтарын жеткізу мәселелерін қарастырды. Мектеп орналасқан аймақтарды абаттандыру, жолдарын тегістеу, жол жабындысын төсеу жұмыстарына назар аударды.

Партияның Сарыағаш аудандық филиалында аудандағы бастауыш партия ұйымдарының жетекшілерімен арнайы жиын өткізген Қалыйма Жантөреқызы, аудандық партия филиалы төрағасының жылдық жұмыс есебін тыңдап, бастауыш партия ұйымдарына жүктелген басымдықтар мен міндеттерге тоқталды, атқарылған жұмыстарға талдау жасап, партиялық қызметті жетілдіру бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.

Сондай-ақ, партия филиалының ішкі жұмыс жиынында «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауын өткізудің талаптары мен шарттары түсінідірілді. Партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдау, бекітілген талаптарға сәйкес есеп беру қағидалары, партиялық жобаларды іске асыруда топ жетекшілеріне қойылатын талаптар, жұмыс жоспарының орындалуы мен атқарылған жұмыстарды ақпараттық тұрғыда ілгерілету мәселелері пысықталды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар