Вторник, 13 мая, 2025
19.1 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕКІ БІРДЕЙ ҚҰРЫЛЫМЫ РЕСПУБЛИКАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында Парламент Мәжілісінің және партиямыздың Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың қатысуымен «Үздік бастауыш партия ұйымы» және «Үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» республикалық байқауларының жеңімпаздарын марапаттау, партия қатарына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі өтті. Жиынға республика өңірлеріндегі аймақтық және аумақтық партия филиалдары ZOOM форматында қосылды.

Марапаттау рәсіміне партияның Түркістан облыстық филиалы бейнебайланыс режимі арқылы қосылып, салтанатты жиынға партияның облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, партия филиалының жауапты қызметкерлері, партияның Түркістан қалалық филиалының қызметкерлері мен бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері қатысты. Аудандық, қалалық партия филиалдарының төрағалары мен атқарушы хатшылары өздерінің аумақтарынан бейнебайланысқа шықты.

Жиында сөз алған партия Төрағасы аумақтар аумақтар бойынша 3700-ден астам бастауыш партия ұйымдары, 225 қоғамдық қабылдау бөлмелері бар екенін айтты. «Бүгін біз партиямыздың бүкіл қуатын бір жерге жинап отырмыз. Партиямыздың бүгінгі ахуалы, ертеңгі жоспары туралы ойымызды ортаға саламыз.

«AMANAT» партиясы бүгінде еліміздегі жетекші, ықпалды күшке айналды деп нық сеніммен айта аламыз. Бұған бастауыш партия ұйымдарының үлесі орасан. Бастауыш ұйымдарды – партиямыздың негізгі ресурсы, өзегі, діңгегі деп айтамыз. Шын мәнінде, барлықтарыңыз ортақ мүдде мен мақсат жолында күні-түні жұмыс жасап жүрген азаматсыздар. Күнделікті сайлаушылардың мұң-мұқтажын тыңдап, олардың аманаты бізге жеткізіп отырсыздар. Сайлау науқандарында, партия жобаларын іске асыруда жауапкершілік те, ауыртпалық та алдымен осы бастауыш ұйымдарға түседі. Сондықтан біз үшін бастауыш партия ұйымдары мен қоғамдық қабылдау бөлмелерінің орны бөлек. Осы мүмкіндікті пайдаланып, барлықтарыңызға зор рахметімді айтқым келеді», — деді Ерлан Жақанұлы.

Партияның алға қойған мақсаттарын белгілеуде, азаматтардың тұрмысын жақсарту басты міндет болып қала беретіні айтылды. Бұл бағытта партиялық жобалар қоғамның көңілінен шығып, қолдау тауып отырғаны жария етілді. Соның ішінде «Жер аманаты» жобасы – әділдік қағидатының іс жүзіндегі көрінісіне айналғаны, пайдаланылмай жатқан 12 млн. гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылғаны сөз болды. «Ауыл аманаты» мен «Қарызсыз қоғам» жобалары сәтті іске асып жатқан бастамаларға айналғаны мәлімделді.

Цифрлы кеңістіктегі алаяқтық әрекеттерге тосқауыл қоюда «Цифрлық қоғам» жобасын іске асыру арқылы цифрлық гигиенаны қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын көтеру көзделгенін айтты. Партияның барлық жетістіктерінің артында бастауыш партия ұйымдары мен қоғамдық қабылдау бөлмелері қызметкерлерінің ұшан-теңіз еңбегі бар екеніне баса мән берілді. Партияның жетістіктерінде 800 мың мүшесінің қажыр-қайраты бар деп бағаланып, ортақ мақсат пен мүддеге жұмылған осы күшімізді еселей беруге тиіспіз деген талап қойылды.

Бастауыш ұйымдар партияның тірегі екені айтылып, оның абырой-беделін қалыптастыратын буын екеніне назар аударылды. Осы орайда, бастауыш ұйымдар партияның қозғаушы күші санатында жастармен, бастамашыл топтармен, белсенді қоғамдастықпен жұмыс жүргізуі тиіс деген нақты міндеттер белгіленді. Партияның ішкі тәртібін күшейту, партияның басқару және төменгі буын құрылымдары арасында сенімді және сындарлы байланыс орнату, партияластар білдірген жаңа көзқарастар мен тың идеяларға қолдау көрсету – аса маңызды қадамдар екені жария етілді.

Сондай-ақ бастауыш ұйымдар – кадрлар ұстаханы болып табылатыны, әлеуметтік лифт санатында қызмет атқаратыны назарға алынып, олардың сапындағы мемлекетшіл, бастамашыл азаматтарды қолдап, өңірлік, орталық деңгейлерде ілгерілету, сайланбалы қызметтерге ұсыну қажет екені айтылды. Осы ретте бастауыш партия ұйымдарындағы лидерлерді анықтауда кадрлық резервті жасақтау тапсырылды.

Партиямыз қолға алған «Әкімдер мектебі» жобасының мысалында бастауыш партия ұйымдарының жетекшілерін партияның Орталық аппараты Саяси менеджмент академиясының базасында оқыту ұсынылды. Партия өз ішінде бюрократияға жол бермеуі керек екені ескертіліп, азаматтармен күнделікті жұмыс жүргізуі керек деп белгіленді. Бұл бағытта партиялық ресурстар үшін оқу лекцияларын тұрақты өткізуге басымдық берілмек. Партияның барлық құрылымдарынің әлеуметтік желідегі белсенділігін арттыру, бастауыш партия ұйымдарының цифрлық мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі талаптар айтылды. Сондай-ақ саяси ұйымның күнделікті жұмысы көрініс табатын, онлайн-сауалнамаларға қатысуға мүмкіндік беретін, ұсыныстар білдіруге, тақырыптық оқулар өткізуге, бірлескені іс-қимылдар жүргізуге қажетті партияның дербес цифрлы платформасын түзу жүктелді.

Қоғамдық қабылдау бөлмелерін партия мен халық арасындағы алтын көпір деп бағалаған партия Төрағасы, партияның қабылдау бөлмелеріне келетін азаматтардың саны артып жатқанын айтты. Бұл бізге деген сенімнің көрінісі деп байыптап, осы қарқынды сақтауға шақырды. Әкімдер мен мәслихат депутаттарының бастауыш ұйымдарды қоғамдық қабылдауларын өткізу маңызды делінді. Азаматтардың біздерді іздеп келуін күтпей, тұрғындардың талап-өтініштерін тыңдауға біз баруымыз қажет екеніне назар аударылды. Партияның «Таза бейсенбі» бастамасы қоғамда жаңа экомәдениетті орнықтыруға, жаңа өмір салтын қалыптастыруға үндейтіні айтылып, партияластар осы бастаманы белсенді жалғастыруы керек деп бағамдалды.

Белгілеген басымдықтар алдағы жұмысымыздың бағдары болып белгіленді. Бастауыш партия ұйымдары мен қоғамдық қабылдау бөлмелерінің белсенді қызметін одан әрі жалғастыратын боламыз. Марапаттау рәсімінде «Үздік бастауыш партия ұйымы» және «Үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» республикалық байқауларының жеңімпаздары жарияланды. Түркістан облысының партия қызметкерлері бұл екі байқауда жүлдегерлер қатарынан көрінді.

«Үздік бастауыш партия ұйымы» аталымында Сарыағаш ауданының «Жартытөбе» бастауыш ұйымы ІІІ-орын алып, 300 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болды. Ал, «Үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» байқауында Түркістан облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі республикада үздік құрылымның қатарынан көрініп, оған 1 млн. теңге көлеміндегі сыйақы тағайындалды.

Аталған жүлде облысымыздағы 242 бастауыш партия ұйымына біріккен 84 мыңнан астам партияластарымыздың еңбегіне берілген жоғары баға деп білеміз. Жүлдегерлер қатарынан көрінген әріптестеріміз «Жартытөбе» бастауыш ұйымының төрағасы Әуелбек Сейдыакбар мен облыстық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Манат Жадақованы шын жүректен құттықтай отырып, жұмыстарына табыстар тілейміз.

Астанада өткен марапаттау рәсімі елімізге белгілі азаматтарды партия қатарына салтанатты қабылдау іс-шарасымен жалғасын тапты.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар