Воскресенье, 11 мая, 2025
19.3 C
Shymkent
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан           ҚАЗ  РУС

Редакция таңдауы

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

«AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы – халықтың талап-тілегімен түзілген, қоғамдағы өзекті деген мәселелерді рет-ретімен, жүйелі тәртібімен шешуге арналған жоспар екені белгілі. Бес жылдық кезеңге арналған бағдарламаны нақтылы іске асыруда Түркістан облысы бойынша атқарылуы тиіс міндеттер межесі белгіленген Жол картасы бекітілген болатын. Партияның Түркістан облыстық филиалы басшылыққа алған осы құжаттың орындалуы – партиялық фракцияға мүше мәслихат депутаттарының тұрақты бақылауына алынған.

Аталған міндет шеңберінде Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Жаңабай Ағабеков өзі сайлауға түскен Келес ауданы бойынша Жол картасы тармақтарының орындалуын жіті қадағалап, тұрғындармен етене байланыста жұмыс жүргізіп келеді. Халықтың сенім мандатына ие болған азамат аудан үшін өзекті мектептер құрылысын жүйелі назарында ұстап, олардың дайындық деңгейін партиялық бақылаудан өткізуде белсенділік танытуда.

Депутат жуырда Жол картамызда тұрған маңызды нысан – «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша аудан орталығы – Абай ауылында салынып жатқан 600 орындық мектептің дайындығын зерделеді. Құрылысты жүргізіп жатқан мердігер ұйым — «КДСМ» ЖШС-нің өкілдерімен жүздесіп, құрылыс қарқынын талқылады. Аяқталу сатысына келіп жеткен нысанның айналасын абаттандыру, жолдарды қалпына келтіру мәселелері бойынша жауапты сала мамандарымен ақылдасты. Мектептің жобада қамтылған көлемде жабдықталуына мән беріп, мердігер ұйым өкілдерімен мектеп ауласын қоршау, қажетті құрал-жабдықтармен қамту мәселелерін жан-жақты қарастырды.

Фракция мүшесі мұның алдында осы жоба бойынша Біртілек ауылдық округінде салынып жатқан 300 орындық «Жайлы мектептің» де құрылысын зерделеуден өткізген болатын. Бірлесіп жүргізілген партиялық бақылау жұмыстарына Келес аудандық мәслихатының төрағасы Нұржан Шаулиев, «AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Ахметов және аудандық мәслихат депутаттары Қанат Мекенбаев және Ерлан Молдабаев қатысып, мердігер ұйым — «Шымкент Автоматика» ЖШС-нің өкілдерімен құрылыс барысын таразылады. Бұл білім нысанының құрылысы да аяқталу сатысына келіп жеткен. Қазір мұнда оқу жабдықтарын қою, мектеп ауласын абаттандыру жұмыстары басталған. Атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы аманаттық өкілдердің тұрақты назарында.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар